$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Н.Назарбаевтың АҚШ сапарына орай украин журналисінің пікірі.

AstanaTV
27.01.2018ж. 20:00
2014
Н.Назарбаевтың АҚШ сапарына орай украин журналисінің пікірі.

Украин журналисі, тележүргізуші, саясаткер Дмитрий Гордон «112 Украина» телеарнасының «Кешкі прайм» бағдарламасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздерінен кейін былай деген:

«112 Украина» телеарнасының «Кешкі прайм» бағдарламасынан.

Дмитрий Гордон, журналист, саясаткер:

Мен Назарбаевты көрнекті саяси қайраткер деп есептеймін. Мықтылардың бірі. Тіпті, посткеңестік кеңістіктегі ең мықты президент. Ол Трамппен керемет тіл тапты. Олардың қандай  мәмілеге келгендерін оқыдым. Жалпы, Америка Қазақстанға 50 млрд доллар инвестиция салған. Қазақстанда экономика қандай! Мен Алматыда болдым. Адамдардың өмір сүру деңгейін байқадым. Назарбаев – дана адам, шығыс данасы, айтпақшы, ол Украинада оқыған. Ол сенімді және күшті білекпен, әрі әкелік қамқорлықпен өз халқын өркендеуге жетектеген. Мен оған тәнтімін... Міне, қараңыз, ол америкалық Трамппен  ортақ тіл тапты. Трамп ол туралы көтеріңкі леппен сөйледі. Келіссөздерден кейін баспасөз мәслихатын тыңдағанмын. 

Украина демекші, Украина халық депутаты Алена Шкрум Facebook парақшасында осы аптада өткен Давос экономикалық форумында аты әлемге тараған София есімді андроидтың «Украинадағы коррупцияны қалай жеңуге болады?» деген сауалға жауап бере алмай, сынып қалғанын хабарлады. «Украинадағы коррупциямен не істеуге болатыны туралы сауал қойылғанда әлемдегі ең мықты роботтың скрипті сынып, процессоры тоқтап қалды», деп жазды депутат ханым. Оған дейін София ресейлік банктің іскерлік таңғы асына барған. «Адамдардың роботтардың роліне күмәнмен қарауын қалай өзгертуге болады?» деген сұраққа «Терминатор» сияқты фильмдерді азырақ түсіру керек» деп жауап берген. Былтыр күзде андроид Сауд Арабиясының азаматы атанған етін. Жалпы, Софияны 2015 жылы Гонконг компаниясы жасап шығарғаны айтылады. Ол адаммен күрделі емес әңгіме өрбітіп, бетінде 60-қа жуық сезім пернелерін бейнелей алады. Әуелі оның денесінің жоғары жағы ғана болған, кейін аяқтары жасалды, тиісінше, жүреді, билей алады. Давостағы тағы бір қызық деталь туралы бағдарлама соңында айтып беремін. «Үйрек» нәски туралы...