$541.34 €640.73 ₽6.53
×

15 сәуірде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

14.04.2026ж. 20:14
15 сәуірде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді
фото: Depositphotos

15 cәуірде Қазақстанда телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді. Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні ескертілді.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», – делінген хабарламада.