$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оқушысы алтын медаль алған ұстазға сыйақы тағайындалады

14.04.2026ж. 15:00
Оқушысы алтын медаль алған ұстазға сыйақы тағайындалады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі.Оқу-ағарту министрлігі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарына және олардың ұстаздарына берілетін біржолғы сыйақы төлеу тәртібін жаңартты. Тиісті бұйрық 2026 жылғы 30 наурызда қабылданып, 21 сәуірден бастап күшіне енеді. 

Сыйақы мөлшері төмендегідей:

  • 1 орын – 1500 АЕК (2026 жылы шамамен 6,49 млн теңге)
  • 2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,33 млн теңге)
  • 3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,16 млн теңге)

Мұғалімдер де сыйақы алады. Мөлшері базалық лауазымдық айлыққа байланысты есептеледі.

  • оқушысы "алтын" алса – жалақысының 26,5 есесі;
  • "күміс" үшін – 17,5 есе;
  • "қола" үшін – 8,5 есе.

Төлемдер бір реттік, жеке беріледі. Ақшалай сыйақы тек осы жылғы жетістіктер үшін және Қазақстан азаматтарына ғана арналған.