$541.34 €640.73 ₽6.53
×

5 жасар бала терезеден құлап кетті

14.04.2026ж. 16:15
5 жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Ақмола облысында 5 жасар бала көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан құлап кетіп, қаза тапты. 

"Ауыр жарақат алған бала шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері соталды тергеу жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталады, қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.