Биылғы Жолдаудың алтыншы бөлімі - «Қаржы секторын «қайта жаңғырту» деп аталады. Банктік портфельдерді "нашар" несиеден арылту ісін аяқтау қажет. Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс. Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс. Осылай тұжырымдалған. Сарапшы Меруерт Махмұтова банктерге көмектесетіндей қаржы да қалмайды, дейді. 2021 жылдан бастап біздің нарыққа шетелдік банктер кіре алады. Тұрғындардың көзі сол кезде ашылатын шығар деп, қосты.
Меруерт Махмұтова, экономист-сарапшы:
Өткен 8 жыл банктерге көмектестік. Әрі қарай да, тағы 10 жыл дегендей көмектесетіндей, бюджетте қаржы жетеді? Соған көзім жетіп отырған жоқ. Жылдан жылға Ұлттық қорға жиналып жатқан қаржыны біз соларға беруді ұлғайтып жатырмыз. Мысалы, 2015-16 жылдары бюджетке Ұлттық қордан трансфертті ұлғайтып, мұнай табысын күнделекті қажетімізге, онда да бізге емес, сол, банктерге көмектесіп, компаниялаға көмектесіп, ЭКСПО дегендей, жұмсалып жатыр. Бірақ 2017 жылы үш есе артық жұмсадық. Банк секторына көрсеткен жәрдемнің де арқасында. Былтыр қараша айына дейін мұнайдан түскен табыс 4,4 млрд доллар болса, біздің ұстаған ақшамыз 2017 жылы, мұнай табысынан 12 млрд долларды ұстап қойдық. Бара-бара оларға жәрдемдесетіндей қаржы қалмайды.