$541.34 €640.73 ₽6.53
×

216 250 тг: Қазақстанда сиреньді жұлғандарға айыппұл салынады

AstanaTV
14.04.2026ж. 19:00
216 250 тг: Қазақстанда сиреньді жұлғандарға айыппұл салынады

Енді қызғалдақты ғана емес, «мамыргүлді» жұлғандар да айыппұл төлейді. Оның мөлшері -200 мың теңгеден асады. Әлеуметтік желіде қазір бұл қызу талқыланып жатыр.

ӘЙГЕРІМ ЕСЕНКЕЛДІ, ТІЛШІ:

Сиреньді жұлып, романтика жасағыңыз келсе - ойланып алған дұрыс. Өйткені бір тал гүл үшін 200 мыңнан астам айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Яғни, тегін деп ойлаған гүліңіз, қалтаңызға қымбатқа түсуі ғажап емес. Сыйлайтын болсаңыз жұлып емес, сатып әперген абзал.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, қала аумағындағы гүлді зақымдағаны үшін жеке тұлғаларға шамамен 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.  Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік  мемлекет қорғауында. Ал егер ол  жекеменшік аумақта орналасса, мәселе иесімен шешіледі, келген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.

БЛИЦ:

- Негізі сирень деген қызғалдақ сияқты жоғалып бара жатқан зат емес, так что олай штрафты үлкен түрде салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

- Іс шын мәнінде айыппұлдың өзінде емес, оның қалай орындалатынында. Егер біреу келіп сиреньді жұлып жатса, сол мезетте оны біреу айыппұлға тарта ма жоқ па?

- Көшеде әдемі болып өсіп тұрғанды не үшін жұлады? Ал штраф жағын енді, бірақ тым көп.

Полиция мәліметінше, мамыргүлд жұлу көбіне 386-бапқа жатады. Бұл  бойынша да айыппұл көлемі аз емес.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 386 бабының нормаларына сәйкес жасыл желектерді күтіп ұстау немесе қорғау қағидаларын бұзғаны үшін 30 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде, яғни 130 мың теңгеге жуық айыппұл көзделген. Бұл да әрине аз сумма емес. Азаматтар міндетті түрде жеке жауапкершілікті сезінулері тиіс.

Қалай болғанмен, рұқсатсыз гүл жұлу -құқық бұзушылық. Былтыр  Түркістан облысының тұрғынына  Қызыл кітапқа енген жабайы қызғалдақты жұлып алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болған.