$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Telegram арқылы есірткі таратқан топ әшкереленді

14.04.2026ж. 17:01
Telegram арқылы есірткі таратқан топ әшкереленді
фото: Polisia.kz

Ұлытау облысында «Kaef Mafia» Telegram арқылы синтетикалық есірткі таратқан халықаралық қылмыстық арна жойылды. Арнайы прокурорлардың мәліметінше, бұл схема трансұлттық сипатқа ие болған. Қатысушылар есірткіні жеткізу, буып-түю және тарату жұмыстарын бөлісіп атқарған, ал төлемдер криптовалюта арқылы жүргізілген.

Сонымен қатар, топ жастарды заңсыз айналымға тартуды да көздеген. Жедел-тергеу шаралары барысында Қарағанды және Ұлытау облыстарында бірнеше күдікті ұсталды. Олардың бірінен шамамен 1 келі, енді бірінен 850 грамм, тағы бір жеткізушіден 800 грамм психотроптық заттар тәркіленді.

Жалпы, заңсыз айналымнан 3,5 келіге жуық синтетикалық есірткі алынған. Қазіргі таңда үш айыпталушыға қатысты іс сотта қаралуда, тағы төрт адам бойынша тергеу аяқталуға жақын.