Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбе қалалық соты автобус өртінен аман қалған жүргізушілерді қамауға қатысты санкция берді

AstanaTV
26.01.2018ж. 20:00
3944
Ақтөбе қалалық соты автобус өртінен аман қалған жүргізушілерді қамауға қатысты санкция берді

Автобус өртінен аман қалған жүргізушілердің екеуі 2 айға қамауға алынды. Ол туралы Ақтөбе қалалық сотының санкциясы шықты. Сот залына көлік жүргізушілері бір-бірлеп әкелінді. Айыпталушы Нұржан Қырғызбаев өзінің бұрын сотталмағанын ескеріп, судьядан  істі қарап біткенше кепілдікпен шығаруын сұрады. Автобустың өртеніп кетуіне үш жүргізуші де айыпталып отыр. Оларға Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша айып тағылған. Егер кінәлары дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Осман Орынбасарұлы, Ақтөбе облыстық прокуратурасы екінші басқармасының прокуроры:

«Қырғызбаев Нұржан басқа облыстың тұрғыны болуына байланысты, егер бостандықта болса, тергеуге кедергі келтіреді деп, екі айға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануыңызды сұраймыз».

Ақтөбеге ОҚО арнайы келген Мақсат Пернебековтың туыстары болса, «болған жағдайға біздің бауырымыздың қатысы жоқ, ол кездейсоқ болған оқиға» деп, айыптаушыларды ақтауды сұрады.

Нұршат Пернебекова, М.Пернебековтың әпкесі:

«Мен інімді кінәлі деп есептемеймін. Себебі сондай тозақ отынан менің інім де шығып отыр сол жерден. Бұл тек жүргізуші болған шығар енді... Бірақ мен кінәлі деп есепемеймін інімді. Анам қазір ауырып жатыр үйде. Сол естігеннен бастап давлениесі көтеріліп, 180-170-тен түсіп жатқан жоқ».

Қазір судья үшінші жүргізуші Барат Таңатаровқа санкция салу-салмау ісін қарап жатыр.