$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бишімбаев ісі бойынша айыпталған Арман Комаров бостандыққа шықты

AstanaTV
26.01.2018ж. 20:00
3576
Бишімбаев ісі бойынша айыпталған Арман Комаров бостандыққа шықты

Бишімбаев ісі бойынша айыпталып, 1 жылдан астам уақыт қамауда болған Арман Комаров бостандыққа шықты. Ол "ProjectCityGroup" ЖШС-де жұмыс істеп жүргенде ірі көлемде пара берді деп айыпталған болатын. Бүгінгі сот отырысында Комаровтың адвокаты Дмитрий Куряченко Бишімбаевқа жаңа айыптау актісі тағылуына орай, оның қорғауындағы азаматтың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа жіберуін өтінген. Себебі тергеу аяқталғандықтан, ол тергеу ісіне кедергі келтіре алмайды деді ол.

Әділхан Шайхисламов, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы:

Айыпталушы Комаровтың адвокатының өтінішін негізге ала отырып, айыпталушы қамаудан босталысын. Оның жазасы қолхат арқылы ешқайда кетпеу турасында өзгертілсін.