$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Джордж Сорос криптовалютаны "қаржы көпіршігі" деп атады

AstanaTV
26.01.2018ж. 20:00
2622
Джордж Сорос криптовалютаны "қаржы көпіршігі"  деп атады

Америкалық миллиардер Джордж Сорос криптовалютаны "қаржы көпіршігі" деп атады,- деп хабарлайды Рейтерс. Сорос бұл туралы халықаралық экономикалық форум өтіп жатқан Давостағы ресми емес кездесуде айтқан. Оның пікірінше, криптовалюта - "нағыз алыпсатарлықтың өзі". Соңғы кездері биткоинның курсы үнемі құбылумен келеді. Өткен жылы желтоқсанда криптовалюта құны 20 мың доллар болса, қазір 10 мыңға түскен. 

Джордж Сорос, қаржыгер:

Биткоин -  валюта емес. Өйткені валюта деген - тұрақты қаржы құралы. Және оның курсы күн сайын 25% өзгермейді. 

Өзге сарапшылар да бұл пікірді құптайды. Ресей банкирлерінің бірі Андрей Костин биткоинды "болашағы бұлыңғыр валюта" деп атады.