$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қайтыс болған азаматтардың зейнетақысын мұрагері бірреттік төлеммен ала алады

Қайтыс болған азаматтардың зейнетақысын мұрагері бірреттік төлеммен ала алады

Енді қайтыс болған азаматтардың зейнетақысын туыстары бірреттік төлеммен ала алады. Мәжіліс зейнетақы аннуитетіне қатысты жаңа өзгеріс енгізді. Бұл мемлекет тағайындаған жастан бұрын зейнетақы рәсімдеп, бірақ қызығын көре алмай кеткендерге байланысты. Яғни,  аннуитеттен қалған қаржынының бәрін мұрагерлер бірден алуға құқылы болады. Депутаттар бұл бастама өңір тұрғындарының өтінішімен қабылданған шешім екенін айтты.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізде кейбір азаматар сол аннуитетті сатып алады. 55 жастан кейін біз зейнеткерлікке шығып кетейік деп. Мүмкін ол 55 жаста шыққаннан кейін, 60 жасында қайтыс болып кетуі мүмкін. Бірақ оның әлі 10 жыл алатын қаражаты қалды. Енді біз қабылданған заңға байланысты егер осындай жағдайлар болса, 10 жылды күтпей, ол бір дегенде сол ақшаны алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өте маңызды азаматтардың мүддесін қорғайтын шешім деп санаймын.