$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақмола облысында су қоймалары 100 пайыз толды

16.04.2026ж. 15:48
Ақмола облысында су қоймалары 100 пайыз толды
Фото: «Қазгидромет» кәсіпорнының облыстық филиалы

Ақмола облысында көктемгі су тасқынының шарықтау кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Соның нәтижесінде өңірдегі ірі су қоймалары 100%-ға толды. Қазір су қоймаларында жалпы 670 млн текше метр су жиналды.

— Атап айтқанда, Астана су қоймасында 412,82 млн текше метр, Сілетіде 230 млн текше метр, ал Шағалалыда 28 млн текше метр су бар, — делінген хабарламада.

Биыл Ақмола облысының ірі өзендері бассейндерінде көктемгі су тасқыны наурыз айының үшінші онкүндігінде басталған.