Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 18 күн бұрын суға кеткен 10-дағы жеткіншектің денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Сүңгуірлер өзен түбін қайта-қайта сүзсе де ізім-ғайым жоқ. Ресми органдар Ресей төтенше жағдайлар қызметіне хат жолдаған. Орынбор облысының құтқарушылары да іздеу шараларына тартылды.
Сарыжар ауылы маңындағы Елек өзені тым-тырыс. Іздестіру жұмыстарының басталғанына 18 күн болған. 100-ден аса адам жұмылдырылды. Құтқарушылар, әскери бөлім қызметкерлері, өрт сөндірушілер-барлығының мақсаты бір, баланы табу.
АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Адам денесі жазғы уақыттарда судан 5 күннің ішінде шығады, өті жарылып. Осындай салқын уақыттарда 10-15 күннің ішінде шығуы керек. Негізі денесі бірдеңеге ілініп тұрып қалмаса суда, шығатын уақыты болды негізі.
Сүңгуірлер үшін әр күн- сынақ. Су лай, ағыс қатты. Көзге түртсе көргісіз тереңдік. Соған қарамастан, олар күн сайын өзен түбіне қайта-қайта түседі. Ал ата-ана үшін әр сағат мәңгілікпен тең. Күндіз-түні көз ілмеген олар үміт отын өшірмей, тіпті көріпкелдердің көмегіне де жүгінген. Ауыл халқы да қарап қалып жатқан н жоқ. Жұрт болып жұмылып, іздеушілерге қолдау көрсетуде.
ЕРЛАН ТҮЛКІБАЕВ, САРЫЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Ауылдың белсенділері жиналып, ауылдың адамдары ақша жинап мешітке, мешіт сол жерде ыссы тамақтарын дайындап, суларын әкеліп жүрді. Біздерде осылай ұйымдастыру жұмыстары бізде енді. Іздестіру жұмыстарына енді біріңғай ЧС тағылар жүрді ғой.
Еске салайық, 10 жастағы Мансұр Саматова 29- наурыз күні үйінен шығып, велосипедпен Елек өзенінің жағасына барған. Қасында болған балалар оның суға құлап кеткенін айтып, көмек сұраған. Сол сәттен бері Мансұрдан хабар жоқ.