$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада «Кітап-AMANAT» жобасы аясында жазушы Ерлан Ахмедидің «Ойлан, қазақ» романы таныстырылды

Астанада «Кітап-AMANAT» жобасы аясында жазушы Ерлан Ахмедидің «Ойлан, қазақ» романы таныстырылды

Астанада «Кітап-AMANAT» жобасы аясында жазушы, саяси сарапшы Ерлан Ахмедидің «Ойлан, қазақ» романының тұсаукесері өтті. Кітап авторы мен оқырман қауым Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «SocioExpertClub» алаңында бас қосты. Ұлттық тәрбие тақырыбына бағытталған шығармаға көпшілік «Болашақтың манифесі» деп баға берді. Тарихи тізбекпен жазылған роман желісі Көкше өңірінде суреттеледі. Туындыда экзистенциялық дағдарыс, тұлғаның  үшке  жарылуы мәселелері көркемдік тұрғыда ашылған, -деді сарапшылар.  Сонымен қатар, автор XXI ғасыр үрдістерін де назардан тыс қалдырмай, жасанды интеллект пен виртуалды уақыт машинасы идеяларын ұштастырған. Айта кетейік роман MECENAT.KZ әдеби сыйлығының финалында сынға түсіп жатыр.

ЕРЛАН АХМЕДИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Кітап кең және терең тақырыптарды қаузайды. Яғни, біздің ұлтымыз қазір қай кезеңде. Қандай жағдайда, қал-ахуалы қандай? Сонымен қатар біз кімбіз?  Осыны еске түсіру. Және  біз қайда келе жатырмыз. Келешегіміз қандай болмақ деген сұраққа жауап беруге мақсат тұтады. Кітап бір тұлға, бір локалды оқиға арқылы еліміздің осы кезеңдегі жағдайын көрсетуді мақсат тұтады. Әлемдік әдебиетте кең етек жайған психологиялық тақырыптар қаузалады.