$541.34 €640.73 ₽6.53
×

14 бопсалау дерегі тіркелді

14 бопсалау дерегі тіркелді
ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың басынан бері полицейлер ақша бопсалаудың 14 дерегін тіркеді.
Өскеменде кезекті қылмыстың жолы кесілді. 26 жастағы ер адам танысынан «заңға қатысты мәселелерді шешуге көмектесемін» деген желеумен 200 000 теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Жәбірленуші талап етілген соманы уақытылы бере алмаған соң, ол бұл соманы 400 000 теңгеге дейін арттырып, қоқан-лоққы көрсету арқылы қысым жасауды жалғастырған. Азамат полицияға жүгінгеннен кейін, қылмыс фактісі құжатталып, ақшаның бір бөлігін беру барысында бақылау ұйымдастырылды. Күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды  деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Ұсталған азаматтың көлігі мен пәтерін жедел тінту барысында ақшалай қаражат және суық қару санатына жататын кастет тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.