$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе облысында сотталғандар арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды

Ақтөбе облысында сотталғандар арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды
Polisia.kz

Ақтөбе облысында сотталғандар арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемеде сотталғандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, олардың жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту басты назарда. Осы мақсатта мекемеде сотталғандар арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды. Байқау олардың өзін-өзі танытуына, өмірлік ұстанымдарын қайта саралауына, заңға бағынатын мінез-құлыққа ынталануына және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне оң ықпал етуді көздейді. Іс-шара Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасында өтті. Қатысушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, ішкі толғаныстары мен өмірге деген көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша сотталғандар мұндай шаралардың ой-өрісті кеңейтіп, өмірге деген көзқарасты өзгертуге және болашаққа сеніммен қарауға ықпал ететінін атап өтті.