$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда «Таза қазақстан» акциясы қарқын алды

AstanaTV
17.04.2026ж. 19:00
Таразда «Таза қазақстан» акциясы қарқын алды

Таразда «Таза қазақстан» акциясы қарқын алды. Өңірдің 100-ге жуық белсенді жастары облыс орталығындағы Бәйтерек мөлтек ауданында балалар алаңшасы мен жолдың бойын желден ұшқан қоқыстан тазартты. Олар арық атыздар мен қураған талдарақтарды жинады. Еріктілер ерінбей жаяу жүргіншілер жолының бойында жатқан палителен пакет пен баклашкаларды теріп шықты. Экоакцияға волонтерлер, Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары атсалысты. Олар қаланың тазалығына жауапты мекемеден жиі қоқыс шашылатын ықшам аудандардың тізімін алып сол жаққа тазалықпен абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

АҚӘДІЛ РИНАТ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Таза қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза аула» акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Бәйтерек мөлтек ауданында 18 үй мен 42 үйдің аралығындағы балалар ойын алаңшасы және де күл-қоқыстарды барынша қолдан келгенше көзге көрінетін қоыстардың барлығын жинауға тырысамыз.