$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жартылай финалға шықты

18.04.2026ж. 18:31
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жартылай финалға шықты
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалдық бәсекеде жерлесіміз канадалық Лейла Фернандеспен (WTA рейтингінде 25-орын) кездесіп, жеңіске жеткен. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Финалдық бәсекеде қазақстандық спортшы әлемнің тоғызыншы ракеткасы Мирра Андрееваға қарсы ойнайды.