$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

18.04.2026ж. 22:32
Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды
Фото: pixabay

Қостанайдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 4 адам эвакуацияланды. 

ТЖМ мәліметінше, жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдай қызметкерлері пәтер ішіндегі және көршілес бөлмелердегі қауіпті жерден төрт адамды қауіпсіз жерге шығарды. 

«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының арқасында тілсіз жау тез арада ауыздықталды. Жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.