$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Каспий жағалауында итбалықтар қырылып жатыр

19.04.2026ж. 10:28
Каспий жағалауында итбалықтар қырылып жатыр
Фото: АШМ

Каспий жағалауында 191 итбалық өлексесі табылды. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті мәлім етті.

Анықталған денелердің қатты ыдырауына байланысты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметі жұқпалы ауруларды анықтау үшін патологиялық материалдардың сынамаларын ала алмады.

Экология департаменті су мен топырақ сынамасын жинады. Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жалғасып жатыр.

"Көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, итбалықтардың өлімінің болжамды себебі - әлсіреген иммунитет пен ағзаның жалпы төзімділігінің төмендігі", - деп хабарлады балық шаруашылығы комитеті.