$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ-та атыс салдарынан 8 бала қайтыс болды

20.04.2026ж. 07:27
АҚШ-та атыс салдарынан 8 бала қайтыс болды
Фото: usa_shka / instagram

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында болған атыс салдарынан сегіз бала қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға жексенбі күні болған. Құқық қорғау органдары жанжал туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жеткен. Атыс үш үйдің аумағында болған.

— Қазіргі уақытта біз өткен түні болған тұрмыстық жанжал кезінде кемінде 10 адам оқ жарақатын алғанын білеміз. Олардың сегізі қаза тапты. Қаза болғандардың жасы 1 жастан 14 жасқа дейін, — деді Шривпорт полициясының басшысы Уэйн Смит.

Күдікті оқиға орнынан кейін көлік ұрлап қашуға тырысқан, алайда полиция қуғын барысында қаскөйді атып өлтірілген.

— Ол қаза тапты. Ал полиция қызметкерлерінің қару қолдануына қатысты тергеуді Луизиана штатының полициясы жүргізеді, — деді Смит.