$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қажылық-2026»: жаңа талаптар жарияланды

20.04.2026ж. 10:38
«Қажылық-2026»: жаңа талаптар жарияланды
Фото: canva

«Қажылық-2026»: Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады,-деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Негізгі талаптар:

2026 жылы 18 сәуірден 31 мамырға дейін «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады.

2026 жылы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.

Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.