$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда бүлдіршін ауруханада көз жұмды

20.04.2026ж. 19:00
Қарағандыда бүлдіршін ауруханада көз жұмды

Жасанды тыныс алу аппаратының болмауынан қарағандылық 1 жас 4 айлық Кәусар Серік есімді бүлдіршін ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы баланың анасы Әсел Абдильдина әлеуметтік желіге жазды. Бұл оқиға бір күннің ішінде қоғамда үлкен дау тудырды. Бүлдіршінің анасының айтуынша, Кәусар Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясымен түскен. Кейін жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс желдету аппаратына қосылған. Үш жарым апта ем қабылдаған соң дәрігерлер ата-анасына баланың қайтыс болғанын хабарлаған. Баланың анасы ол әуелден-ақ дәрігерлерден Қарағандыға Астанадан жасанды тыныс алу аппаратын жеткізуді сұраған. Өйткені ауруханада ондай құрылғы болмаған көрінеді.