Қызылордада бір күнде 20 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмыстарына үлес қосты. Олар облыс аумағындағы 200-ге жуық тағзым орыны мен мәдени-тарихи ескерткіш, зират аумағын қоқыстан тазалады. Мәселен, корей халқының қолбасшысы Хон Бом Доның мемориалды кешені аумағында да қызу жұмыс жүрді. Оған корей этномәдени бірлестік өкілдерінен өзге мемлекеттік қызметкерлер де атсалысты. Қала орталығында орналасқан тарихи орынды толық тазалап, көшеттер екті. Жалпы аймақты 72 нысан киелі орындар тізіміне енген. Олардың барлығы жергілікті бюджет және демеушілер есебінен қайта қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілген.
АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Адамдардың көп шоғырланатын жерлері таза болу керек. Барған жерде тек қана Қызылорда облысының азаматтары ғана емес басқа сырттан келіп жатқан кісілер бар. Сондықтан ондай жерлердің маңыздылығын бере отырып, осындай сыртау жұмыстарын, кейбір жерлерде күрделі ремонт жасау керек. Өз мәресіне, дұрыс деңгеде жеткізілетін болады.