Ақтауда ересектер арасында параүстел теннисінен өңірлік турнир өтті. Спорттық шараны «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, өңірлік мүгедектер клубы және «Архимед» кардиологиялық медициналық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа өңірдің 10 спортшысы қатысты. Турнирдің мақсаты - мүгедектігі бар жандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және паралимпиадалық спорт түрін өркендету. Сондай-ақ, жарыс Қазақстанның жаңа Конституциясындағы негізгі қағидаларды қолдауға бағытталған.
НҰРБЕК ҚАРАСАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Параүстел теннисі федерациясы бастама көтеріп келген кезде, біз оны қуана қолдадық. Міне, бүгін «AMANAT» партиясы бұл турнирді өткізуге атсалысқанын мақтанышпен айта аламыз. Мен барша маңғыстаулық қатысушыларға тек облыстық, республикалық емес, халықаралық жарыстарда да биік шыңдардан көрінулеріне шын жүректен тілектеспін. «AMANAT» партиясы ретінде бұл әлеуметтік жобаны әрқашан қолдап, турнирге қатысушыларға көмек көрсетуге әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді.