$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда салынатын екінші АЭС-ке Мойынқұм атауы беріледі

21.04.2026ж. 13:17
Қазақстанда салынатын екінші АЭС-ке Мойынқұм атауы беріледі
фото: pixabay

Елімізде салынатын екінші атом электр стансасына Мойынқұм атауы берілмек. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, екінші АЭС Балқаш маңында орналасады. Қазіргі уақытта үш ықтимал алаң зерттеліп жатыр, түпкілікті шешім алдағы уақытта жарияланады.

«Екінші атом станциясының жұмыс атауы бар. Ол - Мойынқұм АЭС-і деп аталады. Орналасуына байланысты әрқайсысы 1 200 МВт болатын 2 блоктан тұрады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда әлеуетті компанияны анықтау бойынша серіктестерсен келіссөз жүргізіа жатырмыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.