$541.34 €640.73 ₽6.53
×

2026 жылы жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант табысталады

21.04.2026ж. 16:42
2026 жылы жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант табысталады
фото: ОКҚ

 

Грантты тағайындау қағидаларына сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау; екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурстық комиссия арқылы жеңімпаздарды анықтау. ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, өтінімдерді қабылдау электрондық форматта арнайы Google-форма арқылы жүзеге асырылады. Сілтеме Министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында қолжетімді болады. Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 21 маусымына дейін жалғасады. Қатысушыларға форманы толтырып, барлық қажетті құжатты тіркеу керек. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін жіберілген өтінімдер қаралмайды.

«Конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін 30 адамға 3 млн теңге көлемінде грант табысталады. Конкурс туралы толық ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан білуге болады», – деп нақтылады спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар 2026 жылы өңірлерде жалпы сомасы 215 млн теңгені құрайтын 184 өңірлік грант тағайындау жоспарланған.