$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 30 жасқа 3 млн теңгеден беріледі

AstanaTV
21.04.2026ж. 19:00
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 30 жасқа 3 млн теңгеден беріледі

Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 30 жасқа 3 млн теңгеден беріледі. Конкурс екі кезеңнен тұрады.Алдымен өтінімдер қабылданып, қаралады. Кейін жобалар бағаланып, арнайы комиссия жеңімпаздарды анықтайды. Өтінімдер электрондық форматта арнайы Google-форма арқылы қабылданады. Сілтеме министрліктің ресми сайтында және ақпараттық ресурстарында жарияланады. Құжат қабылдау 21 маусымға дейін жалғасады.

ҚАЙРАТ ҚАМБАРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Конкурс қорытындысы бойынша жыл соңына дейін 30 адамға 3 млн теңгеден грант беріледі. Толық ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады. Сонымен қатар 2026 жылы өңірлерде жалпы сомасы 215 млн теңге болатын 184 грант беру жоспарланып отыр.