$541.34 €640.73 ₽6.53
×

LRT бір күнде 45 мың жолаушыны тасымалдай алады

22.04.2026ж. 10:14
LRT бір күнде 45 мың жолаушыны тасымалдай алады
Фото: CTS

Елорда тұрғындарына қоғамдық көлік қызметін көрсететін City Transportation Systems компаниясындағылар LRT бір күнде қанша жолаушы тасымалдай алатынын айтты.

Алғашқы уақытта LRT-ны 45 мың адамға дейін пайдаланады деген болжам жасалды.

Қосымша құн салығынсыз 1,8 млрд АҚШ долларын құрайтын EPC-келісім 2016 жылы жасалды және өзгертілген жоқ. Бұл сомаға LRT құрылысы, депоны тұрғызу, вагондарды құрастырып Астанаға жеткізу, жұмыскерлерді оқыту сияқты LRT толық іске қосылғанға дейінгі жұмыстар кіреді.