Санья қаласында (Қытай) өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында ерлер арасында жағажай волейболынан жарыстар басталды.
Бүгін, 23 сәуірде, топтық кезеңнің алғашқы ойындары өтті.
Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад алғашқы кездесуінде Ё Минсу / Пэ Инхо (Оңтүстік Корея) жұбынан басым түсті. Матч 2:0 есебімен аяқталды (21:13, 21:13).
Сондай-ақ Сергей Богату мен Кирилл Гурин де жарысты жеңіспен бастады.
Қазақстандықтар Лаос өкілдері Коунлавонг Суксадакон мен Сайяхом Чантхафонды 2:0 есебімен ұтты (21:11, 21:5).
Айта кетейік, Богату мен Гурин бүгін тағы бір матч өткізеді. Олар Шри-Ланка жұбы Тушар Витаранаге мен Додангодаже Гарди Хевавасамамен кездеседі.