Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі 16 аймақпен видеобайланыс орнатып, Жолдауда берілген тапсырмаларды пысықтады

AstanaTV
30.01.2018ж. 20:00
2566
«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі 16 аймақпен видеобайланыс орнатып, Жолдауда берілген тапсырмаларды пысықтады

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі 16 аймақпен онлайн видеобайланыс орнатып, Жолдауда берілген тапсырмаларды бір пысықтады. Дөңгелек үстелде Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының маңыздылығы да сөз болды. Еңбектің тұсаукесері тәуелсіздік күнінің қарсаңында өткен еді. Нұротандықтар құнды дүниенің танымдық тұсын қозғап, оны елдің 25 жылдағы шежіресі іспетті қабылдау керектігіне мән берді. Өңірлерден қосылған мәслихат депутаттары мен зиялы қауым жергілікті жерде қордаланған өзекті мәселелерді де қозғап, шешу жолдарын талқылады. Қазірдің өзінде осындай 5300 астам әр түрлі кездесулер өтіп, оған 500 мыңға жуық адам қатысқан. 

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

«Нұр Отан» партиясы өзінің үлкен филиалдық желілері арқылы осы жолдауда айтылған мәселелерді, негізгі он басымдық бағыттарды халыққа түсіндіру бағытында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Осы жолдаудың орындалуы, қадағалау және жергілікті жерлерде жүзеге асыруы «Нұр Отан» партиясының жіті бақылауында болады. Сонымен қатар оған қажетті қаржылық қамтамасыз ету біздің фракцияның назарында болады.