$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды

25.04.2026ж. 11:22
Бүгін бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

25 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.