$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

25.04.2026ж. 13:18
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына шаһарды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз қала қалыптастыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде мәлімет берді.

Оның айтуынша, биыл елордада 173 орынды (қоғамдық кеңістіктер мен аулалар) жаңғырту, 1,1 миллион түп жасыл желек, атап айтқанда, көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар егу жоспарланып отыр.

Негізгі жобалардың бірі – тұрғындар көп келетін «Самал» саябағы. Аталған аумақ отбасылық демалысқа, спортпен шұғылдануға және мәдени іс-шараларға ыңғайлы кеңістік ретінде жобалануда.