$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызыл кітапқа енген сирек қызғалдақ гүлдеді

26.04.2026ж. 09:23
Қызыл кітапқа енген сирек қызғалдақ гүлдеді
Фото: nauruzum_gpz / instagram

Қостанай облысының далалы аймақтарында Қызыл кітапқа енген сирек қызғалдақ түрі гүлдеді.

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, бұл нәзік өсімдік төмен қарай иілген гүлдерімен ерекшеленеді және табиғатта сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады.

Мамандардың айтуынша, қызғалдақ далалық және шөлейт аймақтарда өседі және ерте көктемде гүлдеп, табиғи ландшафтқа ерекше көрік береді.

– Бұл өсімдік мемлекет қорғауында. Сондықтан оны жұлуға қатаң тыйым салынады, – деп ескертті экологтар.