$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті

26.04.2026ж. 15:09
Бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының 18 жастағы тұрғынын  бұрынғы сыныптасы пышақпен жарақаттады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмысты жасағаны үшін жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті. 

Полиция қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері кешені жүргізіліп жатқанын айтты.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.