$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көпқабатты үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

Көпқабатты үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде 25 адам эвакуацияланды.

 ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Іргелі ауылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында орналасқан екі көршілес екі бөлмелі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы 25 адамды эвакуациялады. Олардың ішінде 7 бала бар. Сонымен қатар 20 адам өз бетінше сыртқа шыққан, олардың 5-еуі – балалар.

– Өрт сөндіру бөлімшелері жоғарылатылған шақыру нөмірі бойынша жұмыс істеді. Өрттің өзге пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ, – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.