Бүгін 112 пультіне Атырау қаласында Жайық өзені үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен қыздың суға секіргені туралы хабарлама түсті. Өзен жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен заманауи Marlin құтқару қайығымен құтқарушылар дереу шықты. Шамамен 4 км қашықтықты еңсеріп, олар оқиға орнына 4 минут ішінде жетті.
Су бетінде құтқарушылар көпірден шамамен 800 метр қашықтыққа ағыс алып кеткен қызды байқады. Құтқарушылардың бірі суға секіріп, оны ұстап тұрды, ал әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа көтерді.
2011 жылы туған бойжеткен жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.