Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алуға жыл сайын қатыса алады

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2900
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алуға жыл сайын қатыса алады

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алуға жыл сайын қатыса алады. Бұрын арнайы грант ұтпағандар қайта қатысуға 3 жылға дейін шеттетілетін еді. Бүгін Мәжілісте коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Қазір елде 19 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым бар. Олар қандай да бір мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс алу үшін, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дерек қорына есеп беруі керек. Бұл ұйымдарға грант бөлу үшін, арнайы акционерлік қоғам құрылған. Бюджет қаржысы осы орталық арқылы өтеді. Биыл мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстарды орындау үшін бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың қандай проблемаларды шешуге жұмсалатыны алдын ала тұрғындармен ақылдаса отырып шешіледі,- дейді, министр.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

Жергілікті және орталық атқарушы органдардың сайттарында мемлекеттік-әлеуметік тапсырысқа  ұсынатын тақырыптар жарияланады. Ол қоғамның сұранысы бойынша құрылады. Мемлекеттік органдар БАҚ қарап, халықпен кездесу арқылы қажеттілікті анықтайды. Тұрғындар сайтта өз ұсыныстарын білдіре алады. Осының бәрі талқыланып бюджетке ұсыныс беріледі.