28 сәуірден бастап Астана қаласының оқушылары мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Картаны дайындау құны – 1200 теңге.
"LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады. Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді", – делінген хабарламада.