$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көші-қон заңын бұзғандар күштеп шығарылды

28.04.2026ж. 11:11
Көші-қон заңын бұзғандар күштеп шығарылды
Фото: pixabay

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.

Полицияның мәліметінше, аталған азаматтар соттың Қазақстан аумағынан шығару туралы шешімін өз еркімен орындамаған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары оларды елден күштеп шығару шарасын қолданған.

Шетелдіктер Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Тәжен-авто» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстан аумағынан тысқары шығарылған.

Құзырлы органдардың дерегінше, заң бұзған азаматтарға алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанға қайта кіруге тыйым салынды.