$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әл-Фараби даңғылында жарысқандар көліктерінен айырылды

28.04.2026ж. 23:55
Әл-Фараби даңғылында жарысқандар көліктерінен айырылды
Фото: скриншот

Алматыда түнгі уақытта заңсыз жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, әл-Фараби даңғылында бір топ көлік қауіпті қозғалыс жасап, жылдамдықты асырып, жолақтарды күрт ауыстырған. Олар өзге жүргізушілерге кедергі келтіріп, жолда апатты жағдай туындатқан.

Құқық қорғау органдары жүргізген тексеру барысында аталған көліктер тоқтатылып, жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Барлық көлік айыптұраққа жеткізілді.

Бұл заңбұзушылықтар "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталған. Полиция қала көшелерінде күшейтілген режимде жұмыс істеп, қауіпті жүргізу стилін көрсеткен жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударған.