Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада «Дипломаттар - әлем халықтарының тақуалары» атты көрме ашылды

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2113
Астанада «Дипломаттар - әлем халықтарының тақуалары» атты көрме ашылды

Тұңғыш Президент кітапханасында «Дипломаттар - әлем халықтарының тақуалары» атты көрме ашылды. Ол 6 миллионға жуық адамның өліміне себеп болған Холокост құрбандарын еске алу күніне орайластырылып отыр. Еврей халқын жаппай жойған Гитлердің солақай саясатына қарсы шығып, өз өмірін бәйгеге тіккен 27 мыңға жуық дипломат бар. Олар сол кезде еврей халықтарының өзге жақтарға бас сауғалап қашуына септескен. Бүгінде олардың есімі Яд Вашем мемориалдық кешеніне жазылған. Көрмеде сол кездегі әділетсіздікке қарсы тұрған кей дипломаттардың ерлігі баяндалады. 

Михаэль Бродский, Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Олардың құрметіне Яд Вашем институтында ағаш отырғызылды. Егер біздің елге келсе, мемлекет тарапынан берілетін арнайы көмек бар. Біз дипломаттардың 10 -даған мың адамның өмірін аман алып қалған ерлігін ұмытпаймыз және олардың есімі тарихта мәңгі қалса деген тілегіміз бар.