$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ет алуға бір адам жылына 212,4 мың теңге жұмсайды

Ет алуға бір адам жылына 212,4 мың теңге жұмсайды
ашық дереккөз

2025 жыл қорытындысы бойынша, Қазақстан азаматтары азық-түлік сатып алуға орташа есеппен 672 155 теңге жұмсаған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл сома адамның жалпы тұтынушылық шығындарының 56,9%-ын құрайды, ал жылдық жалпы шығын шамамен 1,2 млн теңгеге жеткен. 

Тамақтың ішінде ең көп қаражат ет пен ет өнімдеріне кетеді — жылына орта есеппен 212 440 теңге.

Екінші орында нан өнімдері мен жарма — 90 521 теңге.

Сүт өнімдеріне — 65 260 теңге жұмсалады.

Ал балық пен теңіз өнімдеріне — 27 203 теңге кетеді.

Қалған қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажетті тауарларға жұмсалады — 269 139 теңге (22,8%).

Ал ақылы қызметтерге 240 143 теңге немесе жалпы шығынның 20,3%-ы кетеді.