$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада жаңа туған сәбиді 1 млн теңгеге сатпақ болған

AstanaTV
29.04.2026ж. 19:00
Қызылордада жаңа туған сәбиді 1 млн теңгеге сатпақ болған

Қызылорда облысында шақалақты 1 миллион теңгеге сатпақ болған. 25 жастағы әйел бас тартқан сәбиді қоғамдық қор жетекшісі делдал арқылы 50 жастағы тұрғынға сату кезінде ұсталды. Ал Алматыда адамдарды қылмыстық мақсатта пайдаланған ұйымдасқан топ әшкереленді. Олар тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды тауып, атына жалған несие тарихын жасап, қымбат көліктер рәсімдеген. Жетісу облысында екі жасөспірім ұрланып, бір ай бойы мәжбүрлі еңбекке жегілген. Сондай-ақ, Абай облысында бірнеше қалада вебкам бизнеске арналған порностудия ұйымдастырған ерлі-зайыпты ұсталды. Олар жас қыздарды заңсыз түсірілімдерге тартумен айналысқан. Бұл деректер  «STOP трафик» шарасы кезінде анықталды. Бір айда адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркелген, 9-ы кәмелетке толмағандарға қатысты. 

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Адамның иммун тапшылығына  вирусын жұқтыруы фактісі бойынша 15 сотқа дейінгі тергеп тексеру және порнографиялық мериал заңсыз тарату бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Адам саудасына қарсы іс қимыл азаматтардың құқықтарын қорғау қоғамдық адамгершілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.