Бүгін республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Еліміздің бірқатар өңірінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, найзағай мен дауыл секілді табиғат құбылыстары күтіледі.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Сонымен қатар, шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Батыс және оңтүстік-шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Қазақстанның шығыс өңірінде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады деп болжануда.