$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Алматыда заңсыз сыра өндірген жасырын цех анықталды

04.05.2026ж. 15:05
Алматыда заңсыз сыра өндірген жасырын цех анықталды
Фото: видеодан салынған скрин

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ғимарат жертөлесінде орналасқан сыра өндіретін жасырын цех әшкереленді. Оқиға орнынан арнайы өндірістік жабдықтар, дайын өнімнің ірі көлемі, сондай-ақ өндіріс процесінде пайдаланылатын ыдыстар мен шикізат табылған.

Заңсыз айналымнан жалпы көлемі шамамен 7 мың литр сыра, сондай-ақ шыны ыдыстар және алкоголь өнімдерін дайындауға қажетті шикізат алынған.

- Аталған дерек бойынша барлық мән-жайларды толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тексеру амалдары басталды. Мұндай құқықбұзушылықтар ерекше бақылауда. Полиция азаматтарға алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді, — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.