$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Круиздік лайнерде қауіпті вирустан 3 адам көз жұмды

Круиздік лайнерде қауіпті вирустан 3 адам көз жұмды

Круиздік лайнерде 3 адам көз жұмды. Кеме Аргентинадан Кабо-Вердеге бет алған еді. Алайда, жарты жолда кеміргіштер тасымалдайтын сирек кездесетін хантавирус тарап,  жолаушылар мұхит үстінде қалып қойды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адам вирус жұқтырып үлгергенін ресми растап отыр. 5 адамға таралып үлгерді деген қауіп бар. 20 наурыз мұхитқа шыққан Круиздік лайнердің ішінде 150 адам бар. Кабо-Верде билігі кеменің келіп тоқтауына рұқсат бермей отыр.