$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өскеменде зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шекті

05.05.2026ж. 09:26
Өскеменде зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шекті
Фото: видеодан скрин

«Казцинк» ЖШС аумағында жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеуде, зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізілуде. 40 адам жеке құрам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды. 

ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.

Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасады. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді.