$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді

07.05.2026ж. 07:34
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді
ҰОК

12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді.

Аталған бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам балуан жүлдеге таласады.

Айта кету керек, бұл турнирге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысады. Бәсекенің негізгі мақсаты - алда өтетін ірі халықаралық додаларға ұлттық құраманы жасақтау.

Алғашқы медальдар грек-рим күресінде сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді еркін күрес балуандары аяқтайды.