$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Парламент Президент туралы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

08.05.2026ж. 10:50
Парламент Президент туралы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
фото: Мәжіліс

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, 1-тарауда Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі айқындалады.

7 2-тарауда Конституцияға сәйкес Президенттің өкілеттіктері белгіленген. 3-тарауда Вице-Президентті тағайындау тәртібі белгіленеді – оны Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайтын болады. 4-тарауда Конституцияда көзделген жағдайларда (Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның уақытша болмауы кезеңінде) конституциялық заң не заң күші бар жарлықтар шығару мүмкіндігі қарастырылған. 5-тарауда ұсынылып отырған өзгерістер жоғары мемлекеттік биліктің институционалдық тұрақтылығын және мемлекеттік басқару жүйесінің тұтастай үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. 6 және 7-тараулар Президент қызметін қамтамасыз ету және экс-президенттердің мәртебесіне қатысты мәселелерді реттейді. Олардың нормалары жаңа Конституцияға сәйкес нақтыланып, сәйкестендірілген.

 

- Конституциялық заңның қабылдануы – президент институтын мемлекетіміздің жаңартылған конституциялық моделіне сәйкес одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бұл модельге сәйкес Қазақстан Республикасы – әділеттілік, заңдылық және адамға бағдарланған қағидаттарға негізделген мемлекет. Ал оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, - деді министр.